Театр
"
Қазан айында мектебіміздің 8«Ә», «В», «И» сыныптары сынып жетекшілерімен бірге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына белгілі режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков сахналаған «Сүрінген сүрбойдақ» қойылымына қатысты. Қойылым күлкі сыйлап қана қоймай, жүректі елжіретіп, жиналған қауымды ойлантты. Жалғыздықты серік еткен, қызба мінезді Темикко орынсыз бір қателіктің оның өмірін түбегейлі өзгеруіне себеп болды. Осы көрініс көрермен болып барған оқушыларды тебірентпей қоймады. Қызуқанды кавказ ұлтының темпераментін көрермен қауымға ерекше жеткізе білген театр актерлерінің шеберлігінде мін болмады. Әсіресе, езуге күлкі сыйлаған Сико рөлін сомдаған актер езуге күлкі үйіріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.