«Сөздің көркі - мақал!»

қыр 28, 2016 5

"

Қыркүйек айында мектепбімізде Тілдер мерекесіне орай 2-4 орыс сыныптары оқушыларының арасында «Сөздің көркі - мақал!» тақырыбында мақал-мәтелдер айтудан сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар Отан, туған жер, тіл, астана туралы мақал-мәтелдерді айтудан жарысты. Сайыста оқушылар мақалдың жалғасын тап, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір сияқты тапсырмаларды да орындады. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар сайыста өздерінің белсенділіктерін танытты. І орынды 4«А» сынып оқушылары, ІІ орындарды 3«А» және 3«И» сынып оқушылары, ал ІІІ орындарды 4«И», 2«Ә», 3«Б» сынып оқушылары иеленді. Барлық қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайысты ұйымдастырғандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Әйгерім Оразалықызы Әлімжанова мен Шолпан Жетенқызы Серікова.





"