«Қыз сыны 2016» байқауы

нау 10, 2016 18

"

№53 мектеп-лицейде 7-сынып оқушылары арасында Мұхамедина Айнұр Сабыржанқызының ұйымдастыруымен «Қыз сыны - 2016» байқауы өтті. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқауға 7Ә, Б, В, Г, И, К, Е сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар келесі қезеңдер бойынша сыналған болатын: І - кезең: «Сәлемдесу»- деп аталды. Байқаудың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырды. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түсті. ІІ - кезең: «Өз өнері» - деп аталды. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетті. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етілді). ІІІ - кезең: «Үй тапсырмасы» - деп аталды. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат дайындап әкелу тапсырылған болатын. ІV - кезең: «Сұрақ - жауап». Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап берді. V - кезең: «Сән үлгісі»- деп аталды. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетті. Әр кезең бойынша қатысушылардың ұпайларын қорыта келе, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын - бәрін де есептеп, әділқазылар сөз алып, жеңімпаздарға және әр номинация бойынша жүлде тағайындайды. «Бас жүлде» 7«Е» сынып оқушысы Касабулат Инкар; «І жүлделі орын» - 7«К» сынып оқушысы Салықжанова Гүлназ; «ІІ жүлделі орын» - 7«В» сынып оқушысы Ахметова Айым; «ІІІ жүлделі орын» - 7«И» сынып оқушысы Мырзахова Гауһар иеленді.





   


"