Төлеген Айбергеновтың V аудандық оқуы

нау 03, 2016 122

"

№53 мектеп-лицейінде 2016 жылдың 01 наурыз күні Алматы ауданы бойынша қазақ халқының ақиық ақыны Төлеген Айбергеновтың V аудандық оқулары болып өтті. Іс-шараға Астана қаласы Алматы ауданының 23 мектебінің өнерлі оқушылары қатысты. Төлеген оқулары екі номинация бойынша өтті. «Жүрекке айтылған өлеңдер» номинациясы бойынша Төлеген Айбергеновтың өлеңдерін жатқа оқудан, «Өлең жазсам, тал бойым қорғасын боп балқиды» номинациясында жас дарындардың ақынға арналған арнау өлеңінен өнер сайысы болды. Іс-шараның қазылар алқасы: Филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ доценті, ақын - Қамаева Саруар Аплашқызы, ақын, сазгер, жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Республикалық конкурстардың лауреаты Ерқожа Әлқожаұлы Тілепбердиев, журналист, «Арғымақ.kz» порталының редакторы Ержан Жаубай, №51 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұратова Индира. Сайыс қорытындысы бойынша, үздік өнер көрсеткен сайыскерлер жүлделі дипломдармен және ынталандыру мадақтамаларымен марапатталды.

Бас жүлде - Әділқызы Айым, №4 Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы, мұғалімі - Құрманалиева Д.Қ.

І дәрежелі Диплом – Сарыбекова Таңшолпан, №53 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы;мұғалімі – Нұрұшева С.С.

ІІ дәрежелі Дипломмен - Ерікқызы Айлана, №54 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы, мұғалімі –Тастанбекова Б.Ж.

ІІ дәрежелі Дипломмен - Тасболатов Мәди, №16 Т.Айбергенов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы, мұғалімі – Сатекова А.Т.

ІІІ дәрежелі Дипломмен – Аманбек Арайлым, №38 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы, мұғалімі- Ашымжан Үрімжан.

ІІІ дәрежелі Дипломмен – Ерсін Бағдат, №51 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы, мұғалімі- Алмабаева А.А.

ІІІ дәрежелі Дипломмен – Абдулла Мейірхан, №55 орта мектебінің 7-сынып оқушысы, мұғалімі-Қалқаева Д.М.

Ынталандыру марапаттары:

Аманжолова Ақмарал, №44 орта мектебінің 9-сынып оқушысы, мұғалімі-Джусупбекова Д.А., Батырбаева Балнұр, №70 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы, мұғалімі-Манарбекова Ә.М., Алтынхан Эльмира, №63 орта мектебінің 5-сынып оқушысы, мұғалімі-Бигожина Б.О., Амангельдин Дамир, №64 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы, мұғалімі-Жусупбекова Д.Б., Еркебаева Аружан, №50 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы, мұғалімі-Ермағанбетова А.Қ., Елғонды Аяған, №27 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы, мұғалімі-Қаратаева З.Қ., Майлыбек Әсел, №57 орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Даулетова Г.Е. Алматы аудандық V Төлеген Айбергенов оқуларын ұйымдастырған №53 мектеп-лицейдің оқушысы Қабылбек Сүйкім «Ақерке Ақжайық» әнін іс-шараға жиналған қауымға ән шашу ретінде орындап берді. Іс-шараның жүргізушілері -11 «А» сыныбының оқушылары Зейнелкабиденов Аян және Алпысова Марал. Төлеген Айбергенов оқуларын ұйымдастырған мектеп мұғалімдері: Ж.Т.Сарсембаева, Ә.К.Кусаинова, С.С.Нұрұшева, Е.Н.Рыхсиев.