«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
"
№53 мектеп-лицейінде Астана қаласының білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік аясында қалалық дебат турнирі өтті. Қатысушы мектептер №53, №40, №22, №3, №5, №73, №71, №9 Зерде, №68, №66, №72, №4, №15 мектептердің оқушылары қатысыты. Турнир екі лигада өтті, яғни қазақ және орыс тілінде. Барлығы 31 команда қатысты. Жеңімпаздар: 1-орынды №40 мектептің «Олимп» командасы, 2-орында №53 мектеп-лицейдің «Таймас» командасы, 3-орынды №9 Зерде мектебінің командасы иеленді. Сонымен қатар 93 оқушының ішінде №53 мектеп лицейдің үш оқушысы турнирдің «Ең үздік спикері» (үздік ойыншылар) грамотасына ие болды. Турнирдің төрешілер міндетін Аграрлық университеттің «Аманат» дебат клубының студенттері атқарды. Соның ішінде бас төрешісі Мадияров Әлібек. Қазақ лигасында 20 ал орыс лигасында 11 команда тіркелді. Барлығы 31 команда, 93 оқушы қатысты.
Турнирді ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту, өзін-өзі тану бөлімінің бас маманы Темірлина Лариса Шүкіралиқызы, №53 мектеп-лицей әкімшілігі, Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жүнісова Назым Зиядаевна, Тарих пәні мұғалімі, «Ойшыл» дебат клубының жетекшісі Алиев Ербол Ермаханұлы.