«Мейірімді Ана»

ақп 12, 2016 5

"

11 ақпан күні № 53мектеп-лицейдің 1-4сынып оқушылары арасында Өзін-өзі тану апталығына байланысты бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мейірімді Ана» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы болып өтті. «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады» - деп ақын ағаларымыздың жүректен шыққан өлеңдерін оқушылар нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-2 сыныптардан 1«В» сынып оқушысы Саниев Данияр Мұқағали Мақатаевтың «Ана» өлеңін Үздік мәнермен оқып «Бас жүлде» иегері атанды. 1«Б»сынып оқушысы Бейсекеева Камила, 2«Б»сынып оқушысы Белгібай Сая, 2«И» сынып оқушысы Қайырбек Зарина, 2«Е» сынып оқушысы Топина Арна «Үздік мәнерлеп оқығаны үшін» жүлделі орындармен марапатталды. 3«А» сынып оқушысы Досалы Балауса, 3«Ә» сынып оқушысы Ғазизова Ғазиза, 3«Г» сынып оқушысы Байбурин Ерасыл, 3«Е» сынып оқушысы Калманбаева Рауза жүлделі орындармен марапатталды. Мәнерлеп оқуға қатысқан оқушылардың барлығы «Мақтау қағазымен» марапатталды. Оқушылар сайыс барысында жақсылық жасау дегеніміз өздері айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасау, көмек көрсету екендігін білді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі екендігін ұғынып, «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген данышпан халқымыздың қағидасын ұғына білді. Жауапты мұғалімдер: Нұрғазина А.С,Разакова Т.О.



"