«Информатика әлемі»
"
«Информатика әлемі»
№53 мектеп-лицейінде 7-сыныпоқушыларыарасында «Информатика әлемі» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар Информатика пәнінен түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі сауалдарға жауап берді. Зияткерлік сайыс арқылы оқушылардың қазіргі қоғамдағы ақпараттық технологиялардың алатын орнын, пайдалы жақтары мен зиянды жақтарын айтып, ойларымен бөлісті.Сайыс барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 4 оқушыдан бөлінді. Әр топтан бір топ басшысы сайланды. Әрбір орындалған тапсырма 1-5 балдық жүйемен бағаланды. Сайыс нәтижесінде 7«А» сынып оқушылары І-орынға, 7«К» оқушылары ІІ-орынға, 7«Г» сынып оқушылары ІІІ-орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталып, сайыс өз деңгейінде өтті. Ұйымдастырушы: Информатика пәні мұғалімі Таубалдиева Ж.А.