«Тарих ғасырлар куәсі»

қаз 20, 2015 5

"

№53 мектеп-лицейде 8А, Ә, Б, В, Г сыныптар аралығында қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих ғасырлар куәсі» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Әр сыныптан 5 оқушы қатысып, «Тарихшылар, Тұлпарлар, Қырандар» болып 3 топқа бөлінді. Әр топ берілген сұрақтарға қызығушылықпен, жылдамдықпен жауап берді. Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, тарихи тұлғалардың ерліктері насихатталды, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар берілді. Соның ішінен «Тұлпар» тобы топ жарып жүлделі I орынға ие болып мадақтамалармен марапатталды.

"