Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтуге орай қалалық дебат турнирі өтті

қаз 20, 2015 9

"

Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің Музейі жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтуге орай колледж студенттерінің арасында қалалық дебат турнирін өткізді. Колледж студенттерінің арасындағы турнирге №53 мектеп-лицейдің оқушылары арнайы шақырылған болатын. Себебі мектебімізде аты мен жетістіктері Астана қаласы мен республикаға мәлім болған «Ойшыл» дебат клубы жұмыс жасайды. Аталған турнирде мектебіміздің «Таймас» командасы 2-ші орынды жеңіп алды, құрамы: Балабек Арайлым 11Ә сынып, Жолдасбекова Ақмарал 11Б сынып және Лұқпанова Инабат 11Б сынып оқушылары. Сонымен қатар «Антанта» командасы турнирге қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды, құрамы: Амангельдиева Камила 10Ә сынып, Мырзатаева Асыл 10Ә сынып және Ғазиз Ақбота 10Б сынып оқушылары. Командалардың бапкері Тарих, құқық және экономика пәндерінің мұғалімі Алиев Ербол Ермаханұлы.
"