«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»

мау 20, 2015 72

"

2015 жылдың 1-12 маусымы аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде бала еңбегінің ең нашар түріне жол бермеу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын мақсатытында төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
1. Мектептің І-қабатында тегін ұлттық сенім телефоны – 150 желісі, балалардың құқық қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім басқармасының сенім телефондары, сайттары туралы, ҚР Білім мен ғылым министрінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының блогтарының мекен-жайлары туралы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының, құқық қорғау органдарының телефондары мен мекен-жайлары жазылған ақпараттық бұрыш әзірленді.
2. 2015 жылы 5 маусым күні мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінің тәрбиеленушілері және тәрбиешілері «Біз бақытты баламыз» ұранымен флешмоб ұйымдастырды.
 
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржанова Г.С. «Біз бала еңбегіне қарсымыз!» тақырыбында дәріс оқыды. Бала еңбегі – баланың білім алуына,экономикалық қанаудан және денсаулығына зиян келтіретін немесе дене, ақыл-ой, рухани моральдық және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін кез-келген жұмыс болып табылады. Қазақстан Республикасының «Бала құқығын қорғау Конвенциясының» 16 бабына сүйене отырып «Баланың еркін еңбек ету құқығы» 14 жастан бастап өзінің денсаулығына зиян келтірмей, психология жағынан түзу көзқараста еңбек ете алатыңдары жөнінде түсініктеме беріп өтті.


 

4. Мектеп кітапханасында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқанына бала еңбегін қанау мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрсетілген көрме ұйымдастырылды.

Балалар бүтін ұлттың болашағы болғандықтан, олардың дұрыс өсіп-өнуіне, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, оларды қанау мен зорлаудан қорғаудың маңызы зор.Балалардың ауыр еңбексіз жарқын болашағы үшін, алдағы уақытта да әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижелі іске қол жеткізу жоспарлануда.
"