«Бізге бұл әлемді сақтап қалу қажет»

сәу 29, 2015 6

"

№53 мектеп-лицейінде 6-8-сынып оқушыларының арасында «Бізге бұл әлемді сақтап қалу қажет» атты соғыс тақырыбына арналған әндер байқауы өтті. Бұл байқауда бас жүлдені 6«Е» сыныбы, І орынды 8«Б», 8«А» сыныптары, ІІ орынды 6«Д», 6«И» сыныптары, ІІІ орынды 7«Е» сыныбы иеленді. Бұл сыныптар мадақтама грамоталармен марапатталды. Байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Сынып жетекшілер мен оқушылар бұл байқауға белсене қатысты. Әр сыныптың әнші оқушылары ән орындап жатқанда, оқушылардың сахнада қойылым қойып жатқан өнерлері өте әсерлі болды.
                         

                         

                         

"