Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл

сәу 10, 2015 2

"

Жастық жылдарын майдан даласында өткізген жанның бірі. Лащенкова (Григоренко) Зоя Павловнаны 7 «Д» және 7 «Е» сынып оқушылары және сынып жетекшілері Меңдібай Г.К. , Медеубаева Ш.Т. 8-наурыз қарсаңында құттықтап үйіне барып қарт ананың хал-ахуалын білді. Лащенкова (Григоренко) Зоя Павловна 1921 жылы 02 мамырда Украйнаның Днепропетровск обылыснда дүниеге келген. 1943 жылы 12 ақпанда Кеңес Армиясының қатарына шақырылып соғыс майданында 97 ротаның 56 саперлік батальонында атқыштар дивизиясында қызмет атқарды. 1945 жылы 9 мамырда Эстонияның Тарту қаласында демблге шықты. 1955 жылдан 1988 жылға дейін Целиноград облысы Есіл ауданында бидай совхозында жұмыс істеді. Қазір Астана қаласының тұрғыны. 1. «Ұлы Отан соғысы» ордені; 2. «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 20,30,50 жылдық мерейтойына» медаль; 3. «СССР –дің қаруларының күші 50,60,70 жылдық мерейтойы»; 4. «Жуков » медалі; 5. «Соғыс ардагері» медалі. т.б.

"