Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

   Мектебіміздің өнерлі, талантты, шебер "Алтынай" халық би ансамблі (жетекшісі - Малышева Ольга Ивановна) халықаралық шығармашылық байқаудан жүлделі I орынды жеңіп, Мәскеуге шақыру жолдамасын ұтып алды. Санкт-Петербургтен келіп ұйымдастырған байқауға көрші елдің және республиканың қалаларынан биші топтары қатысты. Алда "Алтынай" бишілері өз өнерлерімен талай биікті бағындыратынына кәміл сенеміз.