Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Мектебімізде 1-7 қыркүйек аралығында «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл» ұранымен «Денсаулық апталығы» өткізілді. Апталық жоспары жасалынып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Іс-шара мақсаты қоғамның, халықтың кең ауқымды салауатты өмір салтын жүргізуге назар аударту болғандықтан мектебіміздің бүкіл оқушылары, ұстаздары, сынып жетекшілері және ата-аналар қауымы қатысты. Іс-шараларға дене шынықтыру пән мұғалімдері жауапты болды. Денсаулық апатығы мектеп оқушыларының салтанатты саптүзеумен басталып, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Денсаулық апталығының жоспарына сәйкес 2 – 3 қыркүйек күндері  мектеп алаңында футболдан  3 – 4, 7 – 8  сыныптар арасында жарыс өткізілді. Жалпы ойынға 14 – сыныптан 10 команда қатысты,бала саны – 110. Ойын олимпиадалық жүйе бойынша өтті.