📢 Құрметті педагогтер, ата-аналар және оқушылар!
4, 9 және 11-сынып түлектері үшін оқу жылының аяқталуы қарсаңында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабын сақтау қажеттілігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.
❗Қатаң түрде тыйым салынады:
* ата-аналардан, мердігерлерден және өзге де тұлғалардан сыйлықтар қабылдауға;
* мектеп қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларға сыйлықтар әкелуге (сыйлауға).
Мектеп әкімшілігі немесе мұғалімдер тарапынан сыйлық алу фактілері расталған жағдайда тәртіптік шаралар қолданылатын болады.
Сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта, әсіресе достар мен туыстар арасында қоғамдық орындарда өткізілетін мерекелік іс-шаралар кезінде әрбір қызметкер жеке тәртіп пен әдеп нормаларын сақтап, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында фото және бейнематериалдарды жариялау кезінде жауапкершілік танытуы қажет.
Түсіністік танытып, кәсіби әдеп нормаларын сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
